Жыл басынан мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді.
Нақты айтатын болсақ төмендегі жұмыстар жүргізілді.
-протездік-ортопедиялық құралдарға мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 4 108 өтініш қабылданып, 1 310 құрал қамтылды (41,8%) (2021 жылы – 6307 өтініш қабылданып, 4382 адам қамтылды (69,5%);
-сурдотехникалық, тифлотехникалық,гигиеналық құралдарға 10132 өтініш қабылданып, 7 957 құралдармен қамтылды (78,5%) , мүгедектерге арналған қол арба құралдарына 573 өтініш қабылданып, 225 құрал қамтылды (39,2%) , жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2542 азамат мұқтаж болса, 2 159 азаматқа қызмет көрсетілді (85%) 8 033 азаматтан шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға өтініштер қабылданып,1200 азамат қамтылды (15%) (2021 жылы –5602 азаматтан өтініштер қабылданып, 4778 адамға жолдама берілді (85,3%);
— мүгедектерге арнайы жабдықталған «Инватакси» 18 көлікке 420 өтінім қабылданып, қызмет көрсетілуде (2021 жылы –1200 өтінім);
— Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған «Әлеуметтік такси» 55 автокөлікке 567 өтініш қабылданып, қызмет көрсетілуде.
— Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 175 жолдама берілді.
— Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 198 жолдама берілді.
Әлеуметтік портал мен ЭЦК-мен жұмыс жасау үшін мүгедектігі бар азаматтарға Басқарма ғиматарында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштамасы ұйымдастырылған және Басқарма қызметкерлерімен әрбір адамға жеке-жеке көмек берілуде.