Шымкент қаласы бойынша 2022 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 11 679 отбасыға (57 407 адам) тағайындалды.
2022 жылдың 2 тоқсан сәуір айы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 4431 отбасыға (20 762 адам) тағайындалып, 223,4 млн.теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
АӘК отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады.
Бүгінгі күні кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде немесе 2022 жылдың 2 тоқсанына орта есеппен 25 402,3 теңге болып белгіленді .
Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін АӘК-тің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен әр мүшесіне негізделген белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына 2022 жылға кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен орта есеппен 45 673 баланы қамтамасыз ету жоспарланған.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 16033 азамат жұмысқа жарамды, оның ішінде өтініш берген кезде 12193 азамат жүгіну кезінде жұмысы барлар.73 адам нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан. Атап айтсақ: 44 тұрақты жұмыс орындарына; 27 қоғамдық жұмыстарға; 2 жастар практикасына жолданды.
Цифрлы Қазақстан бағдарламасы жүзеге асыру мақсатында бүгінде АӘК алуға құжат тапсыру арнайы портал арқылы электронды түрде жүзеге асырылады. Бұл орталық қызметкерлері мен халықтың арасында сыйбайлас жемқорлықты алдын алуға өз септігін тигізуде.