Шымкенттік Айсана Құралбай 2020 жылы өңіріміздегі кәсіптік колледждердің бірін “Аспаз” мамандығы бойынша тәмамдаған. Оқуын аяқтаған ол біраз уақыт ауылдағы мектепте аспаз болып тәжірибе жинақтаған.
Алға талпынған жас аспаз бұнымен шектелгісі келмеді. Ол осы жылдың басында “Жастар практикасы” бағдарламасы барын біліп, қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына тиісті құжаттарын өткізген. Өз кезегінде орталық мамандары Айсанаға мамандығы бойынша жұмыс тауып, жолдама ұсынған. Қазіргі таңда жас маман Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы академиялық мектепте аспаз болып еңбек етуде. Ол оқушылардың түскі асын дайындап, мектептің асхана сөрелеріндегі түрлі тәттілерді пісіріп жүр. Оқушылар да аспаздың пісірген дәмді тағамдарына дән риза.
— Мамандығы бойынша жұмыс таппай жүрген жастарды “Жастар практикасына” қатысуға шақырамын. Себебі, қатысу мерзімі аяқталған соң барған жеріңде тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік мол. Ол үшін аянбай еңбек етіп, өзіңді жақсы қырыңнан көрсетсең болғаны, — дейді Айсана Құралбай.
Шымкент қаласында 2022 жылы “Жастар практикасымен” 2000-нан астам жасты жұмысқа жолдау көзделген. Жыл басынан 900-ден астам жас жолданып, олар жұмыстарын жасап жатыр.
2021 жылы Шымкентте 2500-ден астам жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа жолданған. Олардың 1300-дейі барған жерлерінде тұрақты жұмысқа орналасқан.
2022 жылы «Жастар практикасына» 2098 жасты қамту жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 919 жас жолдама алып, олар барған жерлерінде еңбек етуде.
Айта кету керек, «Жастар практикасы» — уақытша жұмыс орны саналады және оған 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады.
Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы 30 АЕК көтеріліп (91890 тг.) мерзімі 12 айға дейін ұзартылған. бұрын 6 ай болатын). Бұдан алдыңғы жылдары мерзімі 6 айды құраған.