Түркиядағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
2022 жылғы 8-21 мамыр аралығында Туркияның Стамбул қаласында бокстан Әлем чемпионаты басталды.
Бокстан Туркияда өтіп жатқан әлем чеипонатында Қазақстан әйелдер құрамасының 12 боксшысы өз шеберліктерін көрсетуде. Олар :
48 кг. Алуа Балқыбекова
50 кг. Назым Қызайбай
52 кг. Жайна Шекербекова
54 кг. Дина Жоламан
57 кг. Карина Ибрагимова
60 кг. Римма Волосенко
63 кг. Аида Әбікеева
66 кг. Дариға Шәкімова
70 кг. Валентина Хальзова
75 кг. Надежда Рябец
81 кг. Гүлсая Ержан
+ 81 кг. Ләззат Күнгейбаева
Шымкенттік боксшы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Жайна Шекербекова 52 келіге дейінгі салмақта 1/4 финалда қарсыласын жеңді.
Жайнаның қарсыласы Италияның өкілі Олена Савчук болды.
Осылайша, Жайна Шекербекова бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Жартылай финалды жерлесіміз Тайландтық қарсыласы Жутамас Житпонгке есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Шымкенттік боксшы Жайна Шекербекова бұған дейін де әлем чеипонатында екі мәрте жүлдегер атанған болатын. Былғары қолғап шебері 2016 жылы қола медаль еншілесе, 2018 жылы күміс медальдің иегері атанған еді.
Жайна Шекербековадан бөлек отандастарымыз Дина Жоламана, Карина Ибрагимова мен Валентина Хальзова да әлем чемипонатын қола жүлдемен түйіндеді. Ал 48 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз Алуа Балқыбекова финалға жолдама алды. Шешуші бәсекеде ол жарыс қожайына Туркиялық Айше Чагирирмен бақ сынасады.