Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан универстетінде болып, Stevia өсімдігінен табиғи тәттілендіргіш өндіру ғылыми жобасымен танысты.
Жоба жоғары оқу жылыжай кешенінде қант диабетіне қарсы дәрі-дәрмек алынатын стевия өсімдігін өсірілуде. Жас ғалымдар оны болашақта өндіріске енгізуді де көздеп отыр. Ғылыми жобаның жетекшісі, PhD докторы, Абдуғани Азимов.
«Бал шөбі» деген атқа ие болған стевия өсімдігінің жапырақтарынан өндірілген табиғи өнім қолданыстағы қанттан 15 есе тәтті. Мұны қантпен алмастырумен бірге фармацевтикалық бағытта қолдануға болады. Бұл өз кезегінде одан алынатын дәрі-дәрмек өнімдерінің қарапайым азаматтар үшін қолжетімді болуына сеп болмақ.
—Қазір әлемнің алдынғы қатарлы елдері осы өсімдікті өсіруге көңіл бөліп отыр. Себебі, стевиядан алынатын биология қоспа қант диабетін емдейтін, ас қорыту жүйесінің жұмысын реттейтін және жүйке жүйесіне оң әсерін тигізетін қасиетке ие. Біз осы дәрілік өсімдікті өз елімізде өсіріп, өндіріске енгізуді көздеп отырмыз, —дейді жобаға жетекшісі А.Азимов.
Ыстыққа төзімді, ашу процесіне ұшырамайтын, өнімдердің дәмін қанық ететін табиғи тәттінің бағасы қолданыстағы қанттан арзан келеді. Одан бөлек, 5 кг стевиозид 1 тонна қанттың тәттісін береді.
Стевия жылу сүйгіш өсімдік болғандықтан Қазақстанның климатына төзімсіз әрі өнуге бейімсіз келеді. Осыған байланысты жоба авторлары оны М.Әуезов атындағы ОҚУ жылыжайында көбейтуді қолға алуда. Заманауи құралдармен жабдықталған кешеннің топырағы өңделіп, қосымша минералды тыңайтқыштармен байытылған.
Стевия өсімдігінен өндірілетін қант еліміздің ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау, тағамтану және экономика саласына оң серпін береді. Алдағы уақытты бұл өсімдікті өсіру қаладағы жылыжай кешендерінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.