АСАР-2 тұрғындары Шымкент қаласы мәслихатымен осыдан бірнеше күн бұрын байланыс түзіп, халық қалаулыларына базынасын жеткерген. Дер кезінде мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов өз құзіретіне алып Асар-2 секторына тиесілі депутататтарға аймақтағы мәселенің мән жайын толыққанды зерделуді тапсырған.
AMANAT партиясы фракциясының мүшелері Талғат Балтабаев пен Айжан Наймбекова АСАР-2 тұрғындарымен кездескен болатын. Аталған аймақтың тұрғындары Өңірдегі инфрақұрылым мәселесі басты назарда және ретімен шешіліп келеді. Дегенментұрғындардың алаңдаушылығын тудырған жайттар бар. Мәселен, кәріз құбыры жүргізілгеннен кейін қазылған жерлер толықтай бітелмеген. Салдарынан ойықтар пайда болып, жаңбыр жауса, су көлдейді. Бұдан бөлек, шағын аудандағы асфальтталған көшелерде жүргізушілер жоғары жылдамдықпен жүйткиді. Сондықтан жылдамдық бәсеңдеткіш (лежачий полицейский) орнатуды сұрап отыр. Осы және өзге де мәселелер назарға алынып, мүмкіндік шеңберінде түйткілдердің түйінін ағыту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылатыны* айтылған.
Нәтижесінде аймақтағы тұрғындарға уәде етілгендей жоғарыда көрсетілген түйіткілді мәселелер бойынша қазіргі таңда толықтай шешілді.
AMANAT партиясы проблемаларды нақты түсінеді және әр азаматтың мүддесі үшін жұмыс істейтін қуатты ресурстарға ие. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасындағы индикаторлардың орындалу бойынша, аталған бағыттағы халықпен кездесу жұмыстары жүйелі түрде жалғасатын болады.