Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов және тұрақты комиссия төрағалары қала тұрғындарын қабылдап, мәселелермен танысты. Қоғамдық қабылдауға түрлі мәселемен онға жуық тұрғын тіркелген.
Шымкент қаласының мүмкіндігі шектеулі тұрғыны қоғамдық көлік мәселесін көтеріп, несиесін өтеп беруді, азық-түлікпен қамтуды сұраса, тағы бір азамат Асар-2 шағынауданындағы автокөлік жолын кеңейтіп, кәріз жүйесінің бетін жабу керектігін жеткізді. Сонымен қатар, Қоғамдық қабылдауға келгендердің арасында Қаратау ауданындағы транспорт, көшені жарықтандыру, мектеп аумағына бейнебақылау орнату мәселелерін шешуді сұрады.
Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың қоғамдық қабылдауында үй, жер кезегіне тіркелген азаматтардың өтініштері де қаралып, басқармалар тарапынан жауап берілді. Тиісінше, әлеуметтік мәселелер қаралған қабылдауда мәслихат хатшысы Бахадыр Мәдәліұлы, қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың басым көпшілігінің мәселесін дер кезінде шешіп, өз кезеңінде реттелетін мәселелер бойынша азаматтардың арыз-шағымы мен талап-тілегін бақылауға алатынын айтып, мәселелер мен өтініштер жауапты мекемелерге жолданды.
Шымкент қаласы мәслихатының баспасөз хатшысы