Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық актив отырысы өтті. Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов жетекшілік етті.
Мәжіліске Саяси кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, партия филиалы жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағалары мен «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері қатысты.
Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы насихатталды.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы күн тәртібіндегі мәселе бойынша және алда тұрған міндеттер туралы баяндама әзірледі. Сондай-ақ мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, «Білім және ғылым» БПҰ төрайымы Қожамжарова Дария Пернешқызы мен тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Айтай Бахадыр Сатыбалдыұлы жарыссөзге шығып, Жолдаудың маңыздылығына жан-жақты тоқталды.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, қала әкімі Мұрат Әйтенов «AMANAT» партиясына төмендегідей тапсырмаларды бекітті.
- Партия филиалдарының барлық Қоғамдық кеңес отырыстарында, Бастауыш партия ұйымдары мен актив жиналыстарында Жолдауда баяндалған Мемлекет басшысының шешімдерін талқылап, орындалуы бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу;
- Халықпен кері байланысты күшейту мақсатында фракция мүшелері қаламыздағы шалғай елді мекендерге барып, сайлаушылармен тұрақты түрде кездесулер өткізу қажет. Кездесулер барысында халықтың өзекті мәселелерін талқылап, тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесіп шешу жолдарын ұсыну;
- Мемлекет басшысы ұсынған Реформаларды жүзеге асыру ісіне қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтарды барынша тарту қажет. Осы орайда қалалық партия филиалы Үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыс орнату;
- Мәслихаттардың өкілеттігін нақты белгілеу;
— «Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауда берілген тапсырмалары мен реформаларын іске асыруда белсене атсалысамыз деген сенімдемін. Аманаттықтар бірінші кезекте Мемлекет басшысын, оның өзгерістер мен прогреске арналған оң бағытын қолдайды. Партия алдағы уақытта да Президенттің бағыт-бағдары төңірегінде қоғамды топтастыру мен жұмылдыру аясында жұмыс істейді. Барлық партияластарды Жаңа Қазақстанды құрудағы негізгі бастамаларға ұйытқы болуға шақырамын!», — деді Ж.Бектаева.