2021 жылдың қорытындысымен Шымкент қаласы бойынша «Аудандық пробация» қызметкерлер арасында «Жылдың үздік қызметкері» байқауы өтті. Бұл байқаудың мақсаты — пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталған азаматтар білім алуына, мамандық игеруіне, құқықтық, психологиялық көмектер, сондай-ақ жумысқа орналасуына және кәсіп ашуына ықпал жасап түрлі әлеуметтендіру қызметтер көрсету болатын. Бұл көмек түрлері пробация есебіне алынған, сотталғандардың түзілу жолына түсіп, қоғамға, еңбекке тез араласып кетуіне септігін тигізу аясында аудандық жастар ресурстық орталығымен ынтымақтастық меморандумына қол қойылып, жұмыспен қамту орталығымен бірқатар жұмыстар атқарылды. Осы орталықтың көмегімен 15 соттаған азаматқа жұмысқа орналастырылды. Сонымен қоса турмыс жағдайды төмен отбасыларға Қаратау аудандық әкімшілігімен және еріктілермен бірлесіп азық түлікпен қамтамасыз етілді. Осы іс шараның атқарылуына өз үлесін қосып белсенділік көрсеткен Қаратау аудандық Пробация қызметінің аға инспекторы әділет каптины Орынбаева Эльмира Назаркуловна алғыс хатпен марапатталып «Үздік Пробация қызметкері» деген атқа лайықты деп танылды.
Ж.Турсынкулова
Шымкент қалалық N3 Қаратау аудандық пробация қызметі бөлім бастығы әділет майоры