Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері арасында интеллектуалды ойындарды насихаттау, жан-жақты және талантты оқушыларды анықтау, жастар арасында тығыз кәсіптік және жеке қарым-қатынасты нығайту мақсатына «IQ DODA» интеллектуалды ойыны өткізілді.
Ойынға 10 команда қатысып, нәтижесінде жүлделі
І орын — А.Макаренко ЖОМ
ІІ орын — И.Рыбалко ЖОМ
ІІІ орын — О.Ағыбайұлы ЖОМ иеленді.
Жастар ресурстық орталығының басшысы Азамат Имашев жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар және қатысушы командаларға ақшалай сертификаттар табыстады.