«Ońtústik» телеарнасының эфирінде қала тұрғындарымен тікелей байланысқа шыққан Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов білім саласының алдағы жоспарымен бөлісті.
Биыл қалада 202 – орта білім беру ұйымдарында 242 525 оқушы білім алуда. Қазір 9 мектеп үш ауысымда оқытуда, 4 мектеп ыңғайластырылса, мектебі жоқ 11 елді мекен бар. Ал бала-бақшамен қамту 100 пайыз жүзеге асырылған.
Эфир барысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы 5 жылда 101 мектеп салынатынын айтты.
Жыл басында 32 мектептің құрылысы басталып, қазір оның 24-і пайдалануға берілген. Оның ішінде 20 мектеп жекеменшік болса, 4 білім ұйымы бюджет есебінен салынған.
–Жүйелі жұмыстың нәтижесінде қалада апатты мектеп мәселесі толығымен жойылды. Үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға, ыңғайластырылған мектептер саны 5-тен 4-ке кеміді, мектебі жоқ шағынаудандар 13-тен 11-ге, оқушы толымдылығы артқан мектептер саны 21-ден 17-ге азаятын болады. Жарқын болашақ үшін білім ошақтарын жоғары дәрежеде жабдықтау мен жағдай жасау басты міндетіміз, — деді қала әкімі.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі