Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Алтынсай» шаруа қожалығы биыл 3 тоқсанда жұмысын бастады. Инвестордың өз қаражаты есебінен іске қосылған кәсіпкерлік нысан 25 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жылқы және ірі қара бордақылауға маманданған өндірістің жұмыс барысын аралап көрді. Жоба құны – 770 млн теңге. 5 га аумақта орналасқан шаруа қожалық жылына 1000 бас жылқы бордақылауға қауқарлы.
Аталған кәсіпкерге 84 млн теңге мемлекеттік қолдау көрсетілген. Нәтижесінде ішкі нарық жылқы етімен қамтамасыз етілуде.