2021 жылы қаланы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағыты бойынша 66 жобаға қаржы бөлінді.Атап айтқанда: Ауыз су бойынша 11 нысан, Кәріз бойынша 19 нысан,Электр бойынша 7 нысан, Табиғи газ бойынша 9 нысан, Жылу бойынша 3 нысан, Инженерлік инфрақұрылым бойынша 16 нысан.Ал Электр жарығымен қамтамасыз ету бойынша 2020 жылы 13 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып 23,5 мың адам сапалы электр қуатымен қамтылды. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 93%-дан, 95%-ға өсті. Қазіргі таңда, 81 елді-мекеннің 65-і сапалы электрмен қамтылса, 16 елді-мекенде электр қуаты сапасыз. 2021 жылы электрмен қамту бойынша 16 нысанның (о.і. 3 қосалқы станса, 13 елді мекенде) құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, 3 нысанның ПСД дайын (Нұрсат, Нұртас, Сауле) бюджеттен қаржыландыруға ұсынылады.
Жыл қорытындысымен 3 қосалқы стансаның және 10 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 21,3 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады.
Қаланы үздіксіз электр энергиясымен қамту мақсатында 2022-2025 жылдары 3 қосалқы станция салу жоспарланған. Атап айтқанда, бюджет есебінен — 110 кВ «Ынтымақ», ГЧП арқылы 220 кВ «Қызылсу», «Нұрлы» қосалқы стансалары.