Шымкент қаласы Абай ауданындағы «Бадам аллеясының» құрылысы көпшілікке таныстырылды.
Бадам өзені жағалауының аллеясына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, құрылыс барысының аумағымен танысты.
Жалпы аллея жеке инвестордың есебінен салынады және 4 негіз бойынша бой көтермек.
Олар: 1. Спорт алаңшасының жалпы аумағы — 20х24, спорт алаңшасы — 12х24. Спорттық элементтер: варкаут және тренажер
- «Ғашықтар» аллеясының жалпы аумағы — 2 гектар.
- Бадам өзенінің жағалауын абаттандыру және демалыс аумағына айналдыру. Жалпы ұзындығы 4 шақырымды қамтиды.
- «Балалар» алаңшасы.
Аллея алдағы 2 жыл көлемінде «Қазығұрт» елді мекенінің (бұрынғы Карл Маркс бөлігі) тұрғындарына пайлануға беріледі деп жоспарлануда.
Яғни «Бадам аллеясы» қала түрғындары мен қонақтарына саялайтын тағы бір тамаша демалыс орнына айналмақ. Бұл Президен айтқан Шымкент қаласын тұрғындар өмір сүруге ыңғайлы шаһарға айналдыру тапсырмасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы.