Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы діни конфессия жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесімен құттықтап, конфессия басшыларымен дін өкілдерінің атқарып жатқан жұмыстары бойынша пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
— Сіздерді «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі біздің міндетіміз мемлекеттің беріктігін сақтап, халық бірлігін одан әрі нығайту және барлық қазақстандықтарды «Мәңгілік Ел» құндылығының айналасына топтастыру болып табылады. Бұл жұмыста өздеріңіз басқарып отырған конфессиялардың рөлі зор. Сондықтан кездесуіміз халықтар достығына, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін, — деді шаһар басшысы.
Қала әкімі Рухани келісім күніне орай конфессия басшыларына алғыс хат табыстады.
Айта кетейік, Шымкентте түрлі діни конфессия өкілдері өмір сүреді және олардың бірлігі мен ынтымағы жоғары деңгейді. Олардың салтын дәстүрі мен діни мерекелерін атап өтуге, әдет-ғұрыптарының сақталуына еркіндік берілген.