Бүгіннен бастап бірқатар санаттағы азаматтар автобуста тегін қатынайды.
Қала әкімінің тапсырмасына сай және тұрғындардың өтініші бойынша қоғамдық көлік бағыттарына 1 мамырдан бастап өзгеріс енгізіледі. Атап айтқанда, Бозарық шағын ауданына қатынайтын №9 бағытына жолаушы ағынының артуына байланысты жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, қосымша 2 кесте қосылды. Яғни, енді 10 автобус 23 минуттық интервалмен жүреді. Сонымен қатар, №30 автобус маршруты Әмір Темір көшесінің өтініші бойынша сызбасы ұзартылады. №60 автобус маршрутының сызбасы Талдыкөл көшесі арқылы ұйымдастырылады. №147 автобус маршрутының сызбасына өзгеріс енгізіліп, Ақтас-2 тұрғын алабы толық қамтылды. Ал, №20 автобус маршрутының сызбасы Достық шағын ауданынан Сырым батыр көшесіндегі №59 мектепке дейін өзгертілді. №139 автобус маршрутының сызбасы Омарташы көшесіне дейін ұзартылды №21 автобус маршрутының сызбасы Орталық стадионға дейін өзгертілді. Тұрғындардың өтініші бойынша кейбір автобустарға кесте қосылып, интервал азайды. Атап айтқанда; №15 автобус маршруты Айқап шағын ауданы арқылы ұйымдастырылып, 2 кесте қосылды. Енді 9 автобус 14 минуттық интервалмен қатынайды. Ал, №171 және №171А бағытындағы қоғамдық көліктер-10 кесте, 14 минуттық интервал. №19 автобус маршруты- 10 кестемен 15 минуттық интервал. №34 автобус маршрутына 2 автобус қосылды. 14 кестемен 9 минуттық интервал. №96 автобус маршрутының сызбасы «Көмешбұлақ» аялдамасына дейін өзгертілді. 14 кесте 12 минуттық жиілік. №102 автобус маршрутына 1 автобус қосылды. 9 кесте 12 минуттық жиілік. №146 автобус маршрутының сызбасы «Жаңа Шаһар» аялдамасына дейін өзгертілді. 8 кесте 19 минуттық жиілік. №191 автобус маршрутына 1 автобус қосылды. 8 кесте 13 минуттық жиілікпен қатынайды. Бұдан бөлек, ертеңнен бастап бірқатар санаттағы азаматтар автобуста тегін қатынайды. Атап айтқанда, 1) 70 жастан асқан зейнеткерлер; 2) 7-18 жасқа дейін мектеп оқушылары; 3) ҰОС ардагерлері; 4) жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; 5) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері; 6) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар; 7) саяси қуғын-сүргiндер құрбандары ретiнде адамдар; бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар; 9) мүгедектігі бар балалар. Айта кетейік, бұл бастама қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың шешімімен жүзеге асып жатыр.