28 тамыз күні Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы қала аумағына жаңадан қосылған және шалғай аймақтардың тұрғындарына құқықтық сауаттылық және өмірлік маңызды дағдылар бойынша семинар-тренинг ұйымдастырды. Ашық есік күні Құрсай елді мекені тұрғындарының арасында өтті.
Кездесуге Заң ғылымдарының кандидаты Асқат Есеналиев мен психолог Салтанат Асанова қатысты.
Спикерлер Құрсай елді мекені тұрғындарына заңгер құқықтық сауаттылық жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кеңес берді. Ал, психолог отбасында болатын мәселелерге тоқталып, ортақ ымыраға келу жолдары жөнінде сөз қозғады.