Көлік саласы бойынша 2020 жылы қалалық мәслихатпен Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы бекітілді. Схемаға сәйкес, 77 маршрутты құрайтын жаңа маршруттық желісі әзірленді. Маршруттық желісімен 6 ХАБ, 33 жеткізуші, 39 магистралды және 6 айналма маршруттары қаралған. Бүгінгі танда маршруттар толығымен қызмет көрсетуде, қала аумағындағы сонымен қатар, шет аймақтарда орналасқан барлық шағын аудандар мен тұрғын алабтар қоғамдық көлікпен 100% қамтылды.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласында 77 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетуде, күнделікті маршруттарға 914 автобус шығады (жалпы автобустардың саны резервпен қоса 1020 автобусты құрайды). Жеке меншік нысанындағы 11 компания жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысады. 2019 жылы 300 жаңа автобус, 2020 жылы 590 жаңа автобус сатып алынды, қазіргі уақыттта автобустардың барлығы қалалық тұрақты маршруттарда қызмет көрсетуде.
Онлайн режимінде қоғамдық көлік қозғалысы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік беретін «I-Kolik» мобильді қосымшасына өзгерістер енгізілді. Қоғамдық көлікке қатысты арыз-шағымдарды қосымшадағы арнайы функция арқылы қалдыра алады. Қазіргі таңда, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар саны 200 мыңнан асты.
Өздеріңізге белгілі, қаламыздағы «Алаш», «Бекжан» базарлары маңында көлік ағыны жоғары әрі халық көп шоғырланған аумақ болып саналады. Осыған орай, ағымдағы жылы сауда орындары маңына А-2 автомобиль жолы мен Темірлан тас жолы бойымен 3 жер асты өткелінің құрылысы басталған. Қазіргі таңда, жерасты өткелінің құрылыс жұмыстары 75-85% орындалды. Қараша айының 15 күні «Алаш» базары маңындағы 2 жерасты өткелінің құрылысын толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал, «Бекжан» базары маңындағы жерасты өткелі қараша айының соңына қарай пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Жертөле «Алаш», «Бекжан» базарларының ажырамас бөлігі болады. Бұл, шаралар жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен кептелісті азайту мақсатында іске асырылып отыр.