Қала басшысы спикерлерге алғысын жеткізді. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Арманда» бизнес форумының жетекшілері — медиаменеджер, қоғам қайраткері Арман Давлетяровпен, белгілі дінтанушы Нұрлан Байжігітұлымен, қоғам қайраткері, журналист Ләйлә Сұлтанқызымен, белгілі продюсер Жан Мұқановпен кездесті. Жастарды кәсіпкерлікке баулу, отбасы құндылықтарын дәріптеу, тұлғалық даму мәселелерін қамтыған іс шараның спикерлері форумның өзектілігі мен маңыздылығына тоқталып, тың тәжірибелерімен бөлісті.
Форумның мақсаты – өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылығын арттыру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеру, жаңа бизнес түрлерін меңгерудің тетіктерін жеткізіп, бренд қалыптастыруда, тұлғалық дамуда жаңа ізденістерді талқылау. Іс шара жетекшілері бизнесті өркендетуде мегаполистің мүмкіндіктеріне тоқталып, жергілікті халықтың кәсіпкерлік саласында белсенділігін ерекше атап өтті. Қала басшысы спикерлерге алғысын жеткізіп, Шымкентті дамытуға, жергілікті тұрғындардың тұрмысын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа бастамаларға қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.
Айта кетейік, бұл орталық 2019 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда мекемеде жүзге жуық қария күндіз 4 сағат арнаулы әлеуметтік және медициналық көмек алады.
Айта кетсек, осыған дейін форумда қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер – білім беру, отбасы құндылықтарын сақтау тақырыптары қозғалып, жастардың рухани және әлеуметтік дамуы бойынша пікірталас алаңына ұласты. Форумға келген жастар мен студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, тіпті кәсіппен айналысып жүрген жастар сол жерде бизнестегі дұрыс қадамды тәжірибе жүзінде іске асырып та көрді.
Айта кетейік, форумның іс-шаралары бұған дейін Астана, Қызылорда, Түркістан қалалрында өткен. Мұнан кейін де еліміздің бірқатар қалалары мен өңірлерінде өтеді деп жоспарланған. Сонымен қатар, қатар спикерлер форум аясында өңірлердегі балалар үйлеріне, қарттар үйлеріне және басқа да әлеуметтік мекемелерге барады.