Қаладағы білім беру ұйымдары 650-ден 930-ға яғни, 280 білім беру ұйымдарындарына артса, білім алушылар саны 317 мыңнан 418 914-ке яғни, 102 мыңға жуық тәрбиеленушілерге артқан.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары толығымен ротацияланып, білімін жетілдіру курстарынан өткізілді.
Мектепке дейінгі білім беру саласында балабақшалар саны 2020 жылы 520 болса, 84 балабақша ашылып, 604-ке жетіп отыр.
1-сыныпқа қабылдау: 2020 жылы 1-сыныпқа 24 490 оқушы барса, 2023 жылы 1-сыныпқа 30 мыңнан астам оқушы қабылданып, 4 жылда 109 110 оқушы алғаш мектеп табалдырығын аттаған.
Апатты 2 мектеп орнына жаңа мектеп салынып пайдалануға берілсе, үш ауысымда білім беретін 19 мектеп мәселесі толығымен шешіліп, мектебі жоқ 15 шағын аудандар мен тұрғын алаптар саны – 2-ге азайды. Яғни, 3,5 жыл ішінде 105 мектеп ашылып, мектеп саны 160-тан 265-ке, оқушылар саны 200 мыңнан 264 мыңға атқан.
Жалпы 24 білім беру ұйымдарының ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, 64 мектеп қабырғалары заманауи дизайнерлік үлгіде әрленді.
Мектептерде оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында типтік үлгідегі спорт алаңшалармен қамту үлесі 100% орындалды. Яғни, осы жылдар аралығында 57 мектеп жанынан заманауи спорт алаңшалары (волейбол, баскетбол, футбол) салынып, пайдалануға берілді.
Мектептерінде интерактивті панель, биология, физика, химия және лингафонды кабинеттерімен және жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша робототехника кабинеттерімен, STEM лабораториямен қамту үлесі 24%-дан 85%-ға артып, 1 627 арнайы модификацияланған кабинеттер алынған.
2020 жылы қаладағы 36 мектепте сыртқы әжетхана болатын. Аталған әжетханалар толығымен жойылып, мектеп ішіне жылы әжетханалар орнатылды және білім ұйымдарының ауласын жарықтандыру, қоршау жұмыстары толығымен шешімін тапқан.
Сонымен қатар, мектептер 100% арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері, турникеттер, дабыл батырмалары толығымен орнатылып, Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылып, І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен келісім-шарт түзілген.
Қаламызда 2019 жылы балаларды қосымша біліммен қамту үлесі 41,1% құраған. Аталған бағыттағы жұмыстар 4 жыл ішінде 84,2% құрап, 210 мыңнан аса бала қосымша біліммен қамтылуда.
Сонымен қатар, 2023 жылы жан басына қаржыландыру есебінен 5 000 баланы қосымша біліммен қамтылуда (2022 жылы 3000 бала).
Аталған бағытта қаламызда балалардың қосымша біліммен қамтылуын арттыру мақсатында 2 қосымша білім беру ұйымдары салынып, пайдалануға беріледі.
— 150 орындық 1 өнер мектебі (5 000 баланы қамтитын);
— 500 орындық 1 оқушылар сарайы (12 000 баланы қамтитын).
Инклюзивті білім беру:
Шымкент қаласында 3 жыл ішінде 6 арнайы білім беру ұйымдары, 3 ресурстық орталық, 3 инклюзивті қолдау кабинеті және Білім басқармасына қарасты «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» өз жұмысын бастады.
Арнайы мектеп-интернаттарға 100%-ға пандустар, ішкі есіктер мен әжетханалар бейімдеуден өткізілді.
Көру қабілеті бұзылғандар үшін «Брайл» және ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін арнайы оқулықтар алынды.
Білім сапасының деңгейі 20%-ға артып, 47%-дан 57% құрады.
Республикалық «Үздік педагог» номинациясы – 2020 жылы 3 жеңімпаз, 2021 жылы 3 жеңімпаз, 2022 жылы 3 жеңімпаз болып Шымкент қаласының педагогтары иеленді (2023 жылғы – жыл қорытындысымен анықталады).
«Күнделік» электронды журналын жүргізуде Шымкент қаласы үш жыл қатарынан І-орын алып, «Алтын түйме» иегері атанды.
Республикалық спорттық «Ұлттық мектеп лигасы» және жазғы гимназиадаларынан оқушыларымыз 38 алтын, 24 күміс, 41 қола алып, Шымкент қаласы жалпы командалық 1,2,3 орындарға ие болды.
Халықаралық және республикалық білім сайыстарынан оқушыларымыз – 5 Бас жүлде, 48 алтын, 26 І-дәрежелі диплом, 54 күміс, 71 қола медалдарын алып, нәтижесінде оқушымыз түрлі гарт иегерлері атанды.
— 2021 жылы — 5 алтын, 5 І-дәрежелі диплом, 11 күміс, 19 қола медаль.
— 2022 жылы – 2 Бас жүлде, 18 алтын, 6 І-дәрежелі диплом, 17 күміс, 22 қола медаль.
— 2023 жылы – 3 Бас жүлде, 25 алтын, 8 І-дәрежелі диплом, 26 күміс, 30 қола медаль.