Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол — ғаламтор. Біз күнделікті ұялы байланыс желісін пайдаланамыз. Ғаламтордың пайдасынан бөлек зиян тұстарының бар екенінде білу қажетпіз.
Бүгін осы мақсатта Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кездесу өтті.
Жиынға Шымкент медициналық колледжі жастары арасында «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында жастармен кездесу ұйымдастырылды.
Ғаламтор — ғылым мен техниканың шынайы жетістігі. Интернетті қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат пен мағлұматты тауып, қажетіне жарыта алады. Өзін мазалап жүрген мәселелердің жауабын таба алады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғалардан қабардар болып отыруға көмектеспек. Бір жағынан интернет адамның білімін және қабілетін, тұлғалық қасиетін дамытуға ықпал етеді. Ғаламторда шек жок. Алыста жүрген ата-анаңмен де, туған-туыстарыңмен де емін-еркін байланыс ұстайсыз, сөйлесесіз, хабарласасыз. Тіпті, адамдардың қолы жетпейтін жерге осы ғаламтордың қолы тиіп тұр. Көрісе алмаған адамдармен ғаламтор арқысы байланыс орнатасың. Ғашығын да ғаламтордан тауып жатқандар қаншама?..
Ғаламтордың келесі зиянды тұсы — адамның денсаулығы. Компьютер алдында ұзақ отырған адамның денсаулығы да нашарлай түседі. Өйткені ол қазғалыстан қалдырып және де бел, арқа, көз ауруларына әкелуі мүмкін.
Одан бөлек қазіргі таңда ғаламторда алаяқтар да көбейді. Олардан сақтанудың да қамын жасаған абзал.
Ғаламдық желі, сөзсіз, адамның білімін жетілдіруге көмектесетін құрал. Соның арқасында шет тілін үйреніп, курстарға қатысуға болады. Одан бөлек ғаламтор — нағыз табыс көзіне айналып отырған сала. Онымен табыс тауып отырғандар да аз емес.
Жастармен кездесуде болған психолог компьютер мен телефонды шамадан тыс пайдалудың зияны мен адам психологиясына қалай әсер ететіндіктеріне тоқталып, іштей қарсылық, көңіл күйінде ауытқушылық, ырықсыздық пен агрессияшылдық билейтін жеткізді.
Спикер сөз соңында ғаламтордың зиянынан бөлек пайдалы жақтарының бар екеніне де тоқтала кетті.