«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов «Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне арнайы барып, ұжым мүшелерін «10 қазан — Кәсіптік одақтар күні» және «25 қазан — Республика күні» мерекелерімен құттықтады.
Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикасына және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградаларын табыстады.
Атап айтқанда: мекеменің ұйымдастыру — инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Кеңес Шерхан Усенұлы «Еңбек озаты» төс белгісімен, қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы Ажедин Мейіржан Ғаниұлы «Құрмет грамотасымен», әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің әдіскері Полатов Рустам Октамұлы, кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің статистігі Елеуіс Айдана Ерғалиқызы «Алғыс хаттармен» және мекеменің әдіскері Пернекұлова Венера Егембердіқызы «Қызмет» салалық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Аудан әкімінің орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Заңқоев Есімжан іс-шараға қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағына шынайы алғысын айтты.
Айта кетсек, Қазақстан кәсіподақтары күні 10 қазанда аталып өтеді. Үкіметтің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 303 қаулысы нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.
Қазақстандық кәсіподақ қозғалысының мәртебесін арттыру мақсатында 2018 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан Республикасы бұрынғы премьер-министрі Б.Сағынтаевтың атына Қазақстан кәсіподақтары күнін ҚР Үкіметі белгілеген мерекелік күндер тізіміне енгізу арқылы бекіту туралы хат жолданды.
Ұлттық экономика, Қаржы, Қоғамдық даму, Әділет министрліктерінің ақпараттарына сәйкес ҚРКФ бастамасына ұсыныстар мен ескертпелер болмады, бұл ретте Қоғамдық даму министрлігі Кәсіподақтар күнін ресми мойындау кәсіподақтардың қоғамдағы рөлін нығайтуға және арттыруға жәрдемдесетіндігін атап өтті.