«Балаларды ерте дамыту институты» хатына сәйкес және Шымкент қаласы білім басқармасының «Мектепке дейінгі дамыту орталығы» жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Менің елім — Қазақстаным» атты патриоттық әндер қалалық байқауы өткізілді.Ұлтымыздың ұлы ақыны, хакім Абай: «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй…» деп музыканың сана-сезімге, көңіл-күйге әсерін әспеттеп жеткізген. Өнер зерттеушілерінің келтірген деректеріне қарағанда, қазақ халқында 5 мыңнан аса күй, 12 мыңға жуық ән бар екен. Бұл – ұлттық музыка өнерінің сан ғасырлық даму тарихының айқын көрінісі, бірден-бір нышаны. Киіз туырлықты қазақтың бай музыкалық мұрасын зерттеген этнограф-ғалым Александр Затаевич: «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді» деп бекер айтпаса керек-ті.
Байқаудың мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіншіліктеріне сәйкес рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық сезімдерін қалыптастыру, музыкалық-көркемдік мәнерлілік құралдарымен ұлағатты тарихымыз бен Отанымыздың жетістіктерін насихаттау болып отыр.
Байқауға меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың арасында 43 мектепке дейінгі ұйымнан өтінім берілді. Оның ішінде бағалау ережеге сәйкес критерийлер бойынша мектеп жасына дейінгі ересек және мектепалды даярлық топтары арасындағы 23 мектепке дейінгі ұйымның бүлдіршіндері іріктеуден өтті.
Байқау нәтижесі қазылар алқасының ұйғарымы бойынша бағаланды. Сонымен қатар, ютуб каналында жарияланған сілтемелер мен бейне жазбалардың негізінде жеке қарап, сараптады.
Байқау қорытындысы бойынша қалалық жеңімпаздарды Республикалық үшінші кезеңге
1 – орын иелері: №60 «Тараз»,
2 – орын иелері: №122 «Ақ көгершін»,
3 — орын иелері: № 5«Нұрсәт» бөбекжай бақшалары жіберіледі.
Барлық бақшалар өзіне сай номинация мен алғыс хаттармен марапатталды.