Шымкент қаласында дәстүрлі түрде өтетін VIII Республикалық VIII “RoboPark.kz Robo Sport” лигасының ашылу салтанаты мен алғашқы кезеңі өткізілді.
2023 жылдың 7 қазанында Шымкент қаласында нөмірі бірінші Оқушылар сарайының базасында Шымкент қаласы білім басқармасының Қосымша беру оқу салалық орталығының қолдауымен, Robo Park робототехника және бағдарламалау орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде роботтар сайысы өткізілді. Еліміздің әр түрлі қалаларынан Сайысқа Робо Сумо категориясы бойынша 26 команда, 52 оқушы, 26 оқытушы-тренерлер қатысты. Дәстүрлі жарыс “Лига” форматында бір оқу жылына созылған бірнеше кезеңнен тұратын жарыс форматында өткізілді. Мақсат: балалардың арасында мықты командаларды анықтап, Халықаралық біріншіліктеріне дайындау болып табылады.
Еліміздің болашағы жастар болса, олардың сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуы аса маңызды. Әр жас мамандығын дұрыс таңдап, оны игере алса, Қазақстанды дамытатын басты күш болары анық. Бүгінгі қазақстандық жастар заман талабына тез бейімделіп, олардың өршіл идеялары мен ерік-жігеріне қарап, еліміздің алар асуы биік екенін аңғаруға болады. Мәселен, Шымкент қаласы Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейінің оқушылары әлемдік деңгейде өз бағын сынап жүр
Қазір техниканың даму ғасыры, әсіресе робототехника саласына жастар тез икемделіп, олардың бірегей жобалары әлемді таңқылдыруда. Шымкент қаласы Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 11 «фмқ3» сынып оқушысы Мыңжасар Иманғалидың жобасы әлемдік олимпидада жоғары бағаланды. Оның робототехника саласына қызығушылығы бесінші сыныптан басталған.
— Бала кезімнен ата-анам құрастырғыш ойыншықтарды көп сатып алып беретін. Басқа ойыншықтарға қызықпадым. Өзім білім алған IT мектебінде «Информатика және робототехника» пәні болды. Пән мұғалімі Айнұр Бейсенбаева оқушыларды робототехника әліппесімен таныстырып, қызығушылығымызды арттырды. Достарыммен бірігіп, бірнеше жобаны қолға алдық. Біз құрастырған роботтар мектепаралық, қалалық көрмелерге қойылды. Түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдық, – дейді Мыңжасар.
Гүлнәр Пошатаева шәкіртінің бойындағы қабілетін байқап, оны дамытуға көмектеседі. Шәкіртіне «RoboPark» курсына баруға кеңес берді. «Талант – тас жарады» деп текке айтылмаса керек. Иманғали Германияның Дортмун қаласында өткен «Word Robot Olympiad» байқауында алғаш рет робототехникадан әлем олимпиадасында екінші орынға ие болады. Қазақстан бұл олимпиаданың 2014 жылдан бергі қатысушысы. Биылғы іріктеу кезеңіне бүкіл әлем бойынша олимпиадаға 73 елден 15 000 команда қатысқан. Оның ішінен 365 команда финалда үздікке таласты.