Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында «Өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің де таралуы. Құқық қорғау органдарына бұл қатердің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырамын», деген болатын.
Осыған орай, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен «Нашақорлық – адам жауы» тақырыбында А. Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта білім беретін мектебінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді,
Мақсаты — қазіргі заманның жаһандық мәселеге назар аудара отыра, жастардың арасында есірткі заттарын пайдалануға теріс көзқарасты қалыптастыру.
Кездесуге Тұран ауданы прокуратурасының прокуроры, Дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы мен нарколог маманы қатысты.
Түсіндірме жұмысы барысында кәмелетке толмаған жастар арасында есірткінің адам өміріне әкелер кері әсері, діни ағымдардан сақтану жолдары мен есірткі заттарын сатқандарға заң аясында қандай шара қаралғандығы жөнінде айтылды.Бүгінде Шымкент қаласы бойынша ішімдікке тәуелді және нашақорлыққа әуес 6000 азамат тіркелген. Ал, 460 төсек орынды орталықтың 230 орны нашақор және ішімдікке бейім науқастарға арналған. Оларды бұған дейін 2 деңгейлі емдеу процесінен өткізіп келген едік. Биылдан бастап 3 деңгей қосылмақ. Яғни алғашқы кезеңде науқастың денсаулығын қалпына келтіру жұмыстар болса, 2 деңгейде оны қоғамдық жұмыстарға араластыру арқылы орта қалыптастыру жұмыстары жүргізілетін. Ал 3 деңгейде науқастың әлеуметтік жағдайына ерекше мән берілмек.
Еске салсақ, «Есірткіге жол жоқ!» акциясына Шымкент қалалық мәслихат депутаты, партия жанынан құрылған Жастарды қолдау кеңесінің төрағасы Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы және Шымкент қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Карбеков Бауыржан Қанатұлы және Шымкент қаласы Прокуратурасының өкілдерімен қоса учаскелік инспектор Байбанов Берік Мұхтарұлы және Жастар қанатының белсенділері қатысқан еді.