Бүгін 20 қараша – Қазақстан Республикасының Президент сайлауы. Таңғы сағат 7:00-ден бастап еліміздің 18 жасқа толған әр бір азаматы өз таңдауын жасайды.
Осы тарихи күні Шымкент қаласының сайлаушыларына қолайлы жағдай жасау үшін қаладағы барлық қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетіп жатыр.
Автобустар әдеттегідей таңғы сағат 7:00-ден 21:00-ге дейін жолаушыларды тасымалдайды.
«Шымкент келбеті»