Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің иегері Құрманбай Шойынбаев 70 жас мерейтойына орай шығармашылық кешін өткізді. Оркестр сүйемелдеуінде жанды дауыста өткен концертке келген халық қарасы көп болды.
Екі күннен бері Шымкент төріндегі Әл-Фараби атындағы облыстық филормонияға жан бітіп, әсем әуен әуелеп тұр. Қазақстанның халық әртісі Құрманбай Шойынбаев 1973 жылдан бері өнер саласында қызмет етіп келеді. Аты оңтүстіктен асып, республикаға танылған әртіс 70 жас мерейтойына орай халық алдында шығармашылығы туралы есеп берді.
«Әнді сүйсең, менше сүй», демекші, әнді ғұмырына серік етіп, халықты әуенімен сусындата білген Құрманбай Шойынбаев бұл жолы да тыңдармандарын қуанта білді. Оның қоржынындағы көптеген туындылар өнердегі тілектес досы, ансамбль жетекшісімен бірге жасалған.
Ән кеші «Сүгір атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестірі» мен Бас дирижер Ерлан Дәуренбековтың сүйемелдеуімен жанды дауыста өтті. Шығармашылық кеш иесі Құрманбай Әлтайұлы концертте Кеңес және Қазақ композиторларының, сондай-ақ Халық әндерін орындады. Атап айтсақ, Көңіл ашар, Сәулем-ай, Ой-сәулем, Ауылың сенің іргелі, Бақыт құшағында әндерін айтты. Мәдени шараға жиналғандар вальс корольі Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін бірге шырқады.
Шығармашылық кешке Құрманбек Шойынбаевтың әр жылдағы әріптестері, шәкірттері мен өнерсүйер қауым жиналды. Олар мерейтой иесіне ізгі тілектерін білдіріп, мұндай концерттер халықты рухтандыратынын айтты.
Концерттің жоғары деңгейде өтуіне кеш иесінің өнердегі әріптес-шәкірттері, Филормония ұжымы қолдау көрсеткен. Қатарынан екі күн бойы жанды дауыста ән кешін өткізген Құрманбек Шойынбаевтың шымкенттіктер мен қала қонақтарының ризашылығын алды.