Енді Шымкентте қаңырап бос тұрған нысандар енді бизнес орталыққа айналады. Құр жерді алып жатқан қамба, қоралар кәдеге жарайды. Қазірдің өзінде пилоттық жоба жүзеге асып, өз жемісін беруде. Осы және өзгеде жаңашылдықты Шымкент қаласының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысыБереке Дуйсебеков баспасөз брифингінде баяндады.
Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 666,4 млрд.теңгені құраған. Бұл өңдеу өнеркәсібінің 8,1 пайызға, электр, газ және бу беру саласы 1,8 пайызға өсуі есебінен қалыптасты, ал кен өндірісі 14,4 пайызға, сумен жабдықтау саласы 16,3 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, 2022-2026 жылдар жалпы құны
2,6 трлн. теңгені құрайтын 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен 283 инвестициялық жобаның пулы жасақталған.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде шеңберінде 2022 жылға 1,5 млрд. теңге бөлінген. «Атамекен» микроқаржы ұйымы арқылы 1,3 млрд. теңгеге 129 жобаға шағын несиелер берілді. Несиелердің басым бөлігі сауда және қызмет көрсету салаларында.
Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін 1%-бен 10 млн. теңгеге дейін, өндірістік алаңдарының қатысушыларына жылдық 2%-бен 50 млн. теңгеге дейін жеңілдікпен несиелер ұсыну көзделген.
Мегаполисте ретсіз саудамен күрес жалғасуда. Жыл басынан қала аумағында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 204-бабына сәйкес, 3943 хаттама толтырылды, оның ішінде 3039 ескерту, 904 айыппұл, 11 843 153 теңге айыппұл салынған.
«Ең алдымен еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажет. Экономикалық саясатымыздың мақсаты — айқын. Бұл — заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту» деген еді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Осы орайда үшінші мегаполисте экономиканы өрлететін, импорттық тәуелділікті азайтып, отандық тауарөндірушілерді қолдайтын бірнеше бағдарламалар мен жобалар қабылданып, сәтті жүзеге асырылуда