Шымкентте Қазақстанның Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары қатарына әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Бүгінде қаланың 150-ден астам шақырылушылары әскер қатарын толықтырды, олар еліміздің шекарасында қызмет етуге аттанды. Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жинақ пунктінен Талдықорғанның десанттық-шабуылдау бригадасына алғашқы жөнелтілім жіберілді.
Әскери киім киген шақырылушылар жинақ пунктінің фойесіне жиналды. Қалыптасқан дәстүр бойынша балаларды қаланың ардагерлер ұйымдарының өкілдері қарсы алып, табысты қызмет тіледі. Ардагерлер еліміздің заманауи армиясында мерзімді әскери қызметті өтеу үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтіп, бір жылға жағасатын мерзімді қызметтері аяқталғаннан кейін, барлық сарбаздар жоғарғы оқу орындарына тегін түсуге және кәсіби әскери болуға мүмкіндік алатынан да есекеру керек деп тапты.
– Сіздердің өмірлеріңізде маңызды кезең басталады, себебі сіздер армия қатарына кіріп жатсыздар. Өте қысқа мерзімде сіз жарғы бойынша өмір сүруді, белгілі бір әскери мамандықты игеруді, тәртіпті және жауапты болуды үйренуіңіз керек. Қарулы Күштеріміздің дәстүрлеріне адал болыңыздар және қызметтеріңізді абыроймен орындаңыз, – деген тілегін Қарулы күштердің ардагері отставкадағы полковник Реймбай Халмуратов білдірді.
Қарулы Күштер қатарында қызмет ету үшін жіберілген әскерге шақырылушылар қалалық жинақ пунктінде әскери киім алатынын атап өткен жөн. Киім – кешектен басқа, оларға жолда жеке тамақтану рационы беріледі.
Айта өтейік, Шымкентте әскерге шақырушыларға тапсырыс саны 40 пайызға артқан. Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті 2019 жылы құрылған сәтте азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жоспары 1 жылға 1200 жуық баланы құрайтын, ал қазіргі таңда 2022 жылғы көктем-күз әскерге шақыру жоспары 1600 жуық азаматты қамтиды. Қаладан көктемгі шақыруға берілген тапсырыс артығымен – 103%-ға орындалды. Атап айтсақ, Қарулы күштер қатарына 16 адам, Ұлттық ұланға 9 адам берілген тапсырыстан артық жіберілді. Күзгі әскерге шақыру жоспарына сәйкес, қаладан барлығы 800-ге жуық адам шақырылмақ. Бұл жоспарды сапалы орындау үшін 6 мыңнан астам азаматты зерделеу керек. Бүгінде қала бойынша 3 мыңнан астам азамат зерделеніп, оның 300-ге жуығы іріктеліп, жеке істері толықтырылуда.