Шымкентте «Отбасындағы зорлық зомбылықсыз Қазақстан» жобасы жүзеге асырылуда. Игі шара аясында мегаполисіміздегі жоғарғы оқу орындарының студенттермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш жоба қаламыздың ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың мұрындық болуымен өтті.Отбасындағы кикілжің «Бас жарылса-бөркі ішінде, қол сынса жең ішінде» деген мақалға дөп келеді.
Дегенмен қоғамда тұрмыстық айқай-шу жиі ұшырасатыны ақиқат. Әйткенмен жағдай әралуан болуы бек мүмкін. Статистикалық мәліметтерге зер салсақ, қоғамда зардап шеккен тұлға өз ортасынан оқшауланып, тұйықталуы өзін ешкімге керексіз сезінуінің ықтималдылығы жоғары. Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін бүгінде елімізде көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Бұл бастама қаламызда да назардан тыс қалмай ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың тапсырмасымен қолға алынды.
Есірткі — қоғам дерті. Ауруды тез арада ауыздықтап, алдын алмаса денеге дендеп кететіні секілді, нашақорлық та жастарды түп тамырымен жалмайын жазымыш екені мәлім. Бүгінде қаламыздағы ПД-мен атқарылған жұмыстар негізінде есірткі таралуы жиілеген. Бұл жайында қалалық Полиция басқармасының жедел уәкілі Бауыржан Қарабеков мәлімдеді. Оның айтуынша ағымдағы жылдың өндіріспен аяқталған 200-ден астам қылмыстық істердің 4/1-і жастардың қолымен істелген құқық бұзушылықтар екенін айтады.
Қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейіне әсер ететін бірнеше фактор бар. Бұл ең алдымен, әлеуметтік және еңбек тұрақсыздығы, өмірде өз бағытын жоғалту, отбасылық құндылықтардың төмендеуі. Сондай-ақ осы мәселеде мемлекеттік органдардың өзара әрекетінің жеткіліксіздігі, отбасы институтының әлсіреуі, маскүнемдік, нашақорлық және тағы да басқа проблемалар мәселеге бірден-бір себеп.
Айта кетсек, бүгінде Шымкент қаласында медициналық-психологиялық орталық құрылған. Бұл орталықта ұрып-соғып отбасының берекесін қашырған және ішімідікке тәуелді адамдарды психологиялық әдіспен түзейтін арнайы бағдарлама іске қосылған.
Жарқын болашақ -жастар қолында. Қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылық болуы үшін, үлкен буын өзінен кейін өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа жанашырлық, мейірімділік пен қараса зорлық-зомбылық азайып, қоғамда сәл де болса тыныштық орнайтын еді.