2022 жылғы 9 қыркүйекте «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Қазақтың көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай, департамент қызметшілері арасында топтық сайыстар өткізіліп, Ахмет Байтұрсынұлының өлендерін мәнерлеп оқу жүргізіліп, оның өмірбаяны мен шығармашылығы, мұражайы туралы бейнероликтер мен буклеттер көрсетіліп, басынан өткен оқиғалар бойынша сахналық көріністер қойылымдары ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов және департамент басшыларының орынбасарлары және 50-ге жуық кәсіподақ мүшелері қатысты.
Іс-шара салтанатты түрде мемлекеттік гимнмен ашылды.
Сайысқа қатысушылар 3 топқа бөлініп, «МАСА тобы», «АЛАШ тобы» және «ҰЛТ ҰСТАЗЫ тобы» болып, тақырыптық сайыстарға қатысып, білім мен өнерлерінің жоғары екенін, сондай-ақ кәсіподақ мүшелерінің қоғамдық белсенділіктері арта түскенін көрсетті.
Қатысқан топтардың өнерлері мен білімдерін әділ қазылар алқасы бағалады.
Көңілді де қызықты өткен іс-шарада 1-орынды «ҰЛТ ҰСТАЗЫ тобы», 2-орынды «МАСА тобы», 3-орынды «АЛАШ тобы» иеленді.
Шығармашылық сайыстың соңында жеңімпаз топтар мен белсенді қатысқан жеке өлең оқыған қызметшілерге кәсіподақ атынан арнайы дайындалған сыйлықтарды «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов пен департаменттің кәсіподақ комитетінің төрайымы Ж.Көпжасарова табыстады.