Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен жиыны өтті. Жиында мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов төрағалық етіп, күн тәртібіне ұсынылған 22 мәселені қарады.
Олар:
- «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/92-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Абай ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
- Әл-Фараби ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
- Еңбекші ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
- Қаратау ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
- Денсаулық сақтау саласын дамыту шаралары туралы;
- «Шымкент қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2020 жылғы 22 маусымдағы № 67/598-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешiмiне өзгерістер енгізу туралы;
- Шымкент қаласында жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидаларын бекіту туралы;
- «Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы» 2020 жылғы 11 наурыздағы № 62/536-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Шымкент қаласында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы;
- «Шымкент қаласы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 27 маусымдағы № 51/430-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» 2022 жылғы 30 наурыздағы № 14/124-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» 2018 жылғы 26 қарашадағы №41/329-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- «Шымкент қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» 2021 жылғы 1 сәуірдегі №4/31-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/295-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия дербес құрамын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/293-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган құру туралы;
- Шымкент қаласы мәслихаты тұрақты комиссия төрағаларының атқарған жұмыстарының есептері туралы;
- Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының «Б» корпусының «D-1» және «D-2» санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы;
- «Шымкент қаласы мәслихатының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 13 қыркүйектегі №39/312-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- «Б» корпусы Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/393-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының өткізілуін жоспарлау туралы.
Жиынға аудан әкімдері мен тиісті сала басшылары қатысып, ағымдағы жылдың сегіз айында атқарған жұмыстарына баяндама жасады. Мәжілісте ұсынылған мәселелер бойынша сала мамандары есеп беріп, депутаттар тарапынан тиісінше сауалдар қойылды. Сонымен қатар мәслихаттың тұрақты комиссия төрағаларының есебі тыңдалып, күн тәртібінде қаралған мәселелер кезекті 21 сессияның қарауына ұсынылды.