Елімізде жыл санап суицид саны азаяр емес. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында суицид нарық заманына ауысқан қоғамда орнын таба алмаған жандарға тән болса, соңғы онжылдықта бұл жасөспірімдер
Елімізде жыл санап суицид саны азаяр емес. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында суицид нарық заманына ауысқан қоғамда орнын таба алмаған жандарға тән болса, соңғы онжылдықта бұл жасөспірімдер мен бойжеткендердің қатарынан да көптеп кездеседі. Осы орайда суицидті алдын-алу бойынша адамдардың білімін кеңейтіп, арнайы мамандардың біліктілігін арттыру маңызды. Осыған орай «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша «Суицидтік және девиантты мінез-құлыққа бейім клиенттермен жүргізілетін іс-шаралар»жобасы аясында “Суицидальді мінез-құлықты алдын алудың психологиялық аспектілері”тақырыбында тренинг өткізді.
19 қыркүйекте өткен бұл іс-шараға Жамбыл облысындағы барша жастар ресурстық орталықтары мен Тараз қаласындағы университеттер жане колледждердегі психолог мамандар қатысты. Тренинг М.Дулати ат. Тараз өңірлік университеті, «Әлеуметтік психология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Шолпан Турдалиева өткізді. Сондай-ақ, тренингті өткізуге жоғары санатты психолог, психология және педагогика магистрі Р. Байбосынова мен қатысты.
20-дан аса психолог мамандар қатысқан тренинг бір күнге созылды. Жоба соңында барша қатысқан жандарға сертификаттар мен буклеттер табысталды.