«Жасыл ел» еңбек жасақтары Шымкент қаласында 2022 жылға 16 – 29 жас аралығындағы жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жұмыссыз жастардың санын азайту мақсатында жұмыстарын жандандыруда. Жалпы биылғы жылы 3 ай мерзімге 1313 жас қамтылған. «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары 4 аудан бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Атап айтар болсақ Әл – Фараби ауданы (Төменгі Отырар мөлтек ауданы, Жангелдин көшесінің бойы, 21-ші мөлтек ауданы, МЖК мөлтек ауданы, Айқап мөлтек ауданы, Колос мөлтек ауданы) бойынша жұмыстарын істеп жатыр. Алдағы уақытта «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары аудандардағы Ардагерлердің аулаларын тазалау жұмыстарымен де айналысуды жоспарлап жатыр.