«Жасыл ел» еңбек жасақтары Шымкент қаласында 2022 жылға 16 – 29 жас аралығындағы жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жұмыссыз жастардың санын азайту мақсатында жұмыстарын жандандыруда. Жалпы биылғы жылы 3 ай мерзімге 1313 жас қамтылған. «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары 4 аудан бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Атап айтар болсақ Абай ауданы (Металургшылар саябағы, Гагарин-Абай даңғылы, Электрон-Рахат мөлтек аудандары, Ынтымақ мөлтек аудандары) бойынша жұмыстарын істеп жатыр. Алдағы уақытта «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары аудандардағы Ардагерлердің аулаларын тазалау жұмыстарымен де айналысуды жоспарлап жатыр.