Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен, Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университеті мен Шымкент университетінде желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу кеші өтті.
Кездесуге Желтоқсан көтерілісінің ардагерлері мен тарих факультетінің оқытушылары қатысты.
Шара барысында желтоқсаншылар — Қуандықов Ермұхамбет, Исабеков Сәбит, Тулеметов Бейбіт, Оспанова Гүлмира, Байкөбеков Нұрмахан 1986 жылғы 16-18 желтоқсанда алаңда болған оқиға жөнінде өз көргендерін баяндап, жан тебірентерлік естеліктерімен бөлісіп, студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Өз кезегінде студенттер желтоқсаншыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, алғыстарын айтты.